31 градус аяз: Бірқатар өңірде екінші ауысым оқушылары қашықтан білім алады
Бірқатар облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана мен Алматыда 13 желтоқсанда толассыз аязға байланысты екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Астанада ауа райына байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Қостанайда ауа температурасы -31°C. Екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары сабақты онлайн оқиды.
Семей қаласында күн райының қолайсыздығына (-27℃) байланысты екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Өскеменде 0-4 сыныпта оқитын екінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқитын болды.
Риддерде 0-11 сынып оқушылары да бүгін онлайн білім алады.
Павлодар қаласында мектепалды, екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды. Ауа температурасы -29℃, жел - 3-6 м/с.
Көкшетау қалалық білім бөлімінен хабарлағандай, ауа температурасының -30°С-қа дейін төмендеуіне байланысты екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары қашықтықтан білім алады.
Қарағанды қаласы білім бөлімінің хабарлауынша, 13 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Петропавлда аязға байланысты 0-11 сынып оқушылары онлайн форматта оқиды.
Алматыда 13-14 желтоқсанда аязға байланысты 0,1-9 сынып оқушылары қашықтан білім алады.