31 қаңтар. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 31 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.


ЕСІМДЕР

74 жыл бұрын (1948-2008) жазушы-драматург, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Қырғызстан Республикасы Т. Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығының лауреаты Баққожа МҰҚАЙ дүниеге келген.

Алматы облысында Райымбек ауданы Нарынқол ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын Кеген аудандық «Коммунизм нұры» газетінен бастаған. 1970-1988 жылдары «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген.

1990-1995 жылдары Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық алқасында бас редактор, бас басқарма бастығы болған.

Жазушының «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдары, «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Жеті желі», «Алғашқы махаббат», «Ертегідей ертеңім» атты кітаптары жарық көрген.Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, чех, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған.

Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот», 1988 жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан.

Оннан астам драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі театрларда қойылған.

Бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Бірнеше медальмен марапатталған.

61 жыл бұрын (1961) Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ТМД жарғы мекемелері жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы Асқар Асанұлы БЕЙСЕНБАЕВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Технологиялар және ақпараттық жүйелер институты), Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық университетін бітірген.

1983-1988 жылдары – Түлкібас консерві зауытының ауысым инженер-технологы, «Ленин жолы» кеңшарының консерві цехының бас технологы, бастығы, ЛКЖО Сайрам аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы.

1988-1994 жылдары – Түлкібас консерві зауытының бас инженері, директоры, Түлкібас нантағамдары комбинатының директоры. 1994-1998 жылдары – президент АО «Көктерек» акционерлік қоғамының президенті.

1998-2001 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2001-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші шақырылымының депутаты.2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылымының депутаты – Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болды. 2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымының депутаты – Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болған. 2013 жылдан сенатор, 2013-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болды.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың тамыз айынан бері.

«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.

57 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Нұрбах Тұрарұлы РҮСТЕМОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында туған.

Алматы шетел тілдері институтын, БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын, Қазақстан-Ресей университетін бітірген.

Еңбек жолы: 1986-1987 жылдары Түркістан қаласы №1 мектебінде ағылшын тілінің мұғалімі.

1987-1990 жылдары – Түркістан қалалық комитетінің хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1990-1991 жылдары – «Қазақинторг» АҚ сарапшысы.

1991-1992 жылдары – Қазақстан ЛКЖО ОК Шымкент облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі. 1992-1997 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол басқарма бастығының орынбасары, бастығы, бөлім бастығы, хатшысы.

1997-1999 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің протокол-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1999-2009 жылдары Мәжіліс депутаты болды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV шақырылым депутаты. Қазақстан Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.

2010-2013 жылдары – ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2014 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы, Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бері.

«Құрмет», «Достастық» (ТМД ПАА) ордендерімен, мерекелік медальдармен марапатталған.

54 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Болат Бариұлы ИМАНБАЕВ дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. 1990 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ-ді бітірген. 1992 жылдан – Қазақстан СІМ жүйесінде еңбек етеді. ҚР СІМ Астана қаласындағы Консулдық пунктінің басшысы, Ақмола облысы бойынша Сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы болды.

ҚР-дың Литвадағы, Германиядағы елшіліктерінде еңбек етті, ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, ҚР СІМ Халықаралық экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық департаментінің директоры, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып істеді.2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың ақпан айынан бері.

Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне 2020 жылғы қаңтарда тағайындалды.

46 жыл бұрын (1976) QazaqGaz («ҚазТрансГаз») басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ибулла Жұмағұлұлы СЕРДІ дүниеге келді.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында туған. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «инженер-экономист» (1999), Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «мұнай-газ ісі» бойынша тәмамдаған. Газ саласында 2003 жылдан бастап қызмет етеді. 2003-2005 жылдары «Интергаз Орталық Азия» АҚ тендерлік рәсім мен келісімшарт мониторингі департаментінің бас маманы. 2006 жылдан бастап «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ сатып алу мониторингі мен бақылау жөніндегі бөлім бастығының орынбасары. Кейінгі жылдары бизнес-құрылымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-да жетекші, бас маман, менеджер қызметтерінде жұмыс істеді. 2009 жылдың қазан айынан бастап Маңғыстау өндірістік филиалының директоры. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Шарт және баға мониторингі департаментінің директоры, кейіннен – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басқарушы директоры. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директорының орынбасары. 2014 жылдың қазан айынан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы). 2015 жылдың шілде айынан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының кеңесшісі - Басқарма мүшесі. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап «Интергаз Орталық Азия» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының маркетинг және коммерция жөніндегі орынбасары. 2016 жылдың наурыз айынан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары – Басқарма мүшесі. 2016 жылдың тамыз айынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және маркетинг жөніндегі аға-вице президенті. 2017 жылдың тамыз айынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және сақтау жөніндегі аға-вице президенті. 2018 жылдың маусым айынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және сақтау жөніндегі басқарушы директоры. 2020-2022 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың қаңтарынан.