31 қаңтар. Тұлғалар туған күн

Фото: Kazinform/Midjourney

Бүгін, 31 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады. 

58 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Бариұлы ИМАНБАЕВ дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 1992-1993 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі ТМД департаментінің көмекшісі, 1993-1995 жылдары Ақмола облысы әкімі аппаратының қызметкері, 1995-1997 жылдары Ақмола облысының сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы, 1997-1998 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Астанадағы консулдық кеңсесінің бастығы, 1998-2000 жылдары Мемлекеттік хаттама департаментінің бірінші хатшысы, министрдің кеңесшісі, ҚР Сыртқы істер министрлігі ТМД істері комитетінің бөлім бастығы болып қызмет атқарды. 2000-2004 жылдары Литвадағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, 2004-2005 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық департаментінің директоры, 2005-2008 жылдары Германиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі, 2009-2011 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, 2011-2014 жылдары Германиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі, 2014-2017 жылдары Ресейдегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі-министрі, 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулы, 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2019-2021 жылдары Бруней-Даруссаламдағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметіне 2021 жылғы ақпанда тағайындалды.

55 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Ахметұлы ТҰРСЫНБАЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық екі мәрте Қызыл Ту училищесін, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Әр жылдары ҚР Республикалық ұланы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарында қызмет еткен. 2020-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті департаментінің басшысы болып жұмыс істеді. 2021-2022 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасының бөлім бастығы, 2022-2024 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды. 2024 жылы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы болды.

Қазіргі лауазымын 2024 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.

47 жыл бұрын (1979) режиссер, сценарист, продюсер Төлеген БАЙТҮКЕНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің орыс филологиясы факультетін бітірген.

Еңбек жолы: 2011 жылы «Время» газетінің киношолушысы. Фильмдегі дебюті — «Супербаха». 2020 жылы «Сары мысық» фильмінің режиссері және продюсері, 2019 жылы «Қара, қара адам», 2018 жылы «Саташ» фильмдерін түсірді.

45 жыл бұрын (1981) «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Болатұлы ЖУВАШЕВ дүниеге келді.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2002-2009 жылдары Алматы қаласы бойынша «АТФ Банк» АҚ Несиелеу департаментінің маманы, жетекші маманы, бас маманы, несиелік сарапшысы, бөлім бастығы, 2009-2011 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ Несиелеу және лизинг басқармасының бастығы, 2011-2015 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2015-2018 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарушы директоры — Басқарма мүшесі, «КаАгро Холдинг» АҚ басқарушы директоры, 2018-2020 жылдары «КаАгро Холдингі» АҚ басқарма мүшесі, 2020-2021 жылдары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, 2021-2022 жылдары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі болды.

2022 жылдың тамызайынан бері қазіргі қызметінде.

41 жыл бұрын (1985) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Қанат Темірұлы ҚҰЛНАЗАРОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысының Мартук ауданында дүниеге келген. Алматы экономика және статистика академиясын бітірген (2005).

Жұмыс тәжірибесі: «Tarba Admaker» ЖШС-де промоутер (2006-2007); Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жетекші маманы (2007-2008); Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің активтерді басқару департаментінің сарапшысы, директоры (2009-2022); Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Бақылау және талап қою жұмыстары департаментінің басшысы (2022-2023); Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы (2023 жылғы наурыз — 2025 жылғы қаңтар).

2025 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

40 жыл бұрын (1986) — Астана қаласы прокурорының орынбасары Бауыржан Ақылбекұлы ЕРТАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған.

Еңбек жолы: 2006-2020 жылдары Алматы қаласының прокуратурасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2018-2020 жылдары Алатау облысының прокуроры, 2020-2023 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроры.

2025 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.

28 жыл бұрын (1998) қазақ кәсіпқой боксшысы Садриддин Әлиханұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Түркістан облысында туған.

2016 жылдың қараша айында Санкт-Петербургте (Ресей) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында финалда украин Павел Гуланы жеңіп, чемпион атанды. Сол жеңісінен кейін Қазақстанның ең үздік жас боксшысы деп танылды. 19 жастағы боксшы Қазақстанның ересектер құрамасына шақырылып, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен және 2017 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері Аблайхан Жүсіповпен күш сынаса бастады. 2017 жылдың сәуір айында Бангкок қаласында (Таиланд) өткен беделді Король кубогын жеңіп алды. 2017 жылдың маусым айында Астанада өткен Қазақстан Президентінің Кубогын жеңіп алды.

Ол кәсіпқой рингтегі дебютін 2018 жылы 7 сәуірде Videotron орталығында (Квебек, Канада) өткізіп, мексикалық Тони Баррерасты нокаутқа түсірді. Ол 13 жекпе-жек өткізіп, 13 жеңіске жетті, оның 11-ін нокаутпен жеңді.

78 жыл бұрын (1948-2008) жазушы-драматург, аудармашы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Қырғызстан Республикасы Т. Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығының лауреаты Баққожа МҰҚАЙ дүниеге келген.

Алматы облысында Райымбек ауданы Нарынқол ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын Кеген аудандық «Коммунизм нұры» газетінен бастаған. 1970-1988 жылдары «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген.

1990-1995 жылдары Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық алқасында бас редактор, бас басқарма бастығы болған.

Жазушының «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдары, «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Жеті желі», «Алғашқы махаббат», «Ертегідей ертеңім» атты кітаптары жарық көрген. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, чех, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған.

Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот», 1988 жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан. Оннан астам драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі театрларда қойылған. Бірқатар жазушының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Бірнеше медальмен марапатталған.