«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні, Жамбыл облысында - 25, оңтүстік-батыс облысында - 30 м/с-қа жетуі ықтимал.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, 15-20 м/с жылдамдықтағы желдің екпіні түнде 23 м/с-қа артады.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, күндіз жел 15-20, Жалаңашкөл ауданында 25 м/с-қа күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді.