31 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды, тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген аймақтарында әлі де атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын (көбіне қар), тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлады6 деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар комитеті.

Батыс Қазақстан, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұманды, көктайғақ болып, жаяу бұрқасынды жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі байқалады.

Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасынды желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.