Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 22-27 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 30 м/с-тан да асуы мүмкін, түнде тұман түседі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күші 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының бірқатар аймақтарында көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында түнде тұман түседі.