11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі «Із-түссіз жоғалғандарды іздестіру шаралары туралы» онлайн брифинг өткізеді. Спикер: ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Нұрлан Темірбаев.
15.00-де Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры әйелдердің саяси көшбасшылығы бойынша халықаралық онлайн-конференция ұйымдастырады. Конференция Zoom платформасында онлайн өткізіледі:
https://us02web.zoom.us/j/87047349340?pwd=K2FGcHhnR0lDWVJIMm1sMWFySkZZdz09
Идентификатор: 870 4734 9340. Код: 912639.
16.00-де Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Астана қаласының тұрғындарымен кездеседі, сондай-ақ азаматтарды қабылдайды. Сонымен қатар, бірінші вице-министр брифингіге қатысып, БАҚ өкілдерінің министрліктің қызметіне қатысты сұрақтарына жауап береді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Үнсіздік» қойылымының тұсаукесері өтеді.
19.00-де «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында «Жұбановтар әлемі» концерті қойылады.