Алматы облысы Жалаңашкөл аумағында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі. Атырау облысында, түнде және таңертең Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының жекелеген аудандарында түнде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарында тұман түсуі ықтимал. Қостанай облысында кей жерлерде жел күшейеді, жекелеген аудандарында түнде және таңертең тұман түседі деп болжануда.
Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.
Алдағы тәулікте Қазақстанның су нысандарының басым бөлігінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.