31 наурызда республика жолдарындағы ахуал қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
2026 жылғы 31 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырым аралығында (Осинов асуы) барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашылды.
Ал келесі автожолдарда қозғалыс шектелді:
Солтүстік Қазақстан облысы
• «Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» автожолы, 0-30-шақырым (Тимирязево ауылы – Қостанай облысының шекарасы аралығы).
Павлодар облысы
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы (Қалқаман жол айрығынан Қалқаман кентіне кіру және Астанаға шығу).
Қостанай облысы
• Су тасуына (ені – 70 м, биіктігі – 20 см) және Ресейдегі жолдардың жабылуына байланысты «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 0-9-шақырым аралығында учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Еске салайық, синоптиктер 31 наурызда Қазақстанның 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасаған еді.