«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Түнде және күндіз жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с, күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз жел 15-20 м/с артады.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, күндіз 28 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жел 18 м/с күшейеді.