Тек республиканың батысында ауа-райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күші 19-24 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с.-ге жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің күші 15-20 м/с. болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.