31 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 31 шілде күні Қазақстанда өтетін ең маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

                                                                           АСТАНА

Сағат 11:00-де ҚР Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық корпус пен шетелдік іскерлік қауымдастық өкілдеріне арнап брифинг өткізеді. Іс-шараның мақсаты - Қазақстанның Бүкіләлемдік экономикалық форумдағы Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индекс көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі жұмысымен таныстыру.   

Сағат 12:00-де қазақстандық спортшы, боксшы, Азия чемпионатының қола жүлдегері Фируза Шәріпованың фильмінің тұсаукесері өтеді. 

12:10-де Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Палестина Мемлекетінің сыртқы істер министрі Рияд әл-Мәлікпен кездеседі.

                                                                              АЛМАТЫ

15:00-де «Қазақстан» қонақ үйінде «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық байқауының қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Байқау ұйымдастырушылары - «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы және Алматы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.