31 шілде. Туған күн иелері
ЕСІМДЕР
Алматыда туған. 1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1980-1981 жылдары В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының лаборанты, 1986-1987 жылдары Алматы қаласы Мәскеу аудандық прокуратурасының бос тұрған тергеуші қызметінің тағылымгері, тергеушісі, 19891990 жылдары Алматы қаласы Мәскеу аудандық прокуратурасында аға тергеуші, прокурордың аға көмекшісі, көмекші, 1990-1991 жылдары Алматы қалалық прокуратурасы тергеу бөлімінің прокуроры, 1991-1992 жылдары Қазақ ССР прокуратурасы сот үкімінің заңдылығын бақылау басқармасының прокуроры, 1992-1995 жылдары Алматы қаласы адвокаттар алқасының мүшесі, 1995-1997 жылдары Алматы қаласы Совет аудандық сотының судьясы, 1997-2000 жылдары Алматы қалалық сотының судьясы.
Қазіргі қызметінде – 2000 жылдың маусымынан.
Қостанай облысы Лисаковск қаласында туған. 1995 жылы Уральск мемлекеттік заң академиясын (Екатеринбург қ.) заңгер мамандығымен тәмамдаған.
Еңбек жолы: Арқалық қ. «Агропром» МТС Торғай облыстық базасының жүк тасушысы (1986-1987); Арқалық қ. «Агропромтехника» РТП жүк тасушысы (1989-1990); дайындық бөлімінің тыңдаушысы (1990); Торғай облысы кеден басқармасының контрабандаға және кеден ережелерін бұзуға қарсы күрес бөлімінің инспекторы, аға инспекторы, бастығы (1993-1996); Торғай облыстық сотының аға консультанты (1996-1997); Арқалық қаласы сотының судьясы (1997-1999); Қостанай облыстық сотының судьясы (1999-2004); Қостанай облысы Қостанай аудандық сотының төрағасы (2004-2009); Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы (2009-2012); Рудный қалалық сотының төрағасы (2012-2015).
Қазіргі қызметінде - 2015 жылдың желтоқсанынан бастап.
Алматыда туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономист (1996); National Graduate Institute for Policy Studies (Жапония), мемлекеттік саясат шебері (2001); University of Warwick (Ұлыбритания), қаржы және экономика ғылымдарының магистрі (2011).
Еңбек жолы: ҚР ҰБ халықаралық инвестициялар балансы секторының жетекші экономисі (1996-1998); ҚР ҰБ төлем теңгерімі, капитал қозғалысы басқармасының бас экономисі (1998-2002); ҚР ҰБ төлем теңгерімі басқармасы бастығының орынбасары (2002-2004); ҚР ҰБ төлем теңгерімі және валюталық реттеу департаменті директорының орынбасары (2004-2006); ҚР ҰБ қаржы тұрақтылығы басқармасының бастығы (2006-2011); ҚР ҰБ қаржы тұрақтылығы департаментінің директоры (2011-2014); ҚР ҰБ қаржы тұрақтылығы және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры (06.2014-09.2014). 2014-2019 жылдары ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болған. 2019-2022 жылдары – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік төрағасының бірінші орынбасары.
Қостанай облысында туған. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «экономист-менеджер» және «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Қостанай облысының экономика және сауда департаментінде жетекші маман болып бастаған. Қостанай облысының экономика және сауда департаментінде және шағын бизнесті қолдау басқармасында басшылық лауазымдарды атқарған. Қостанай облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы; Қостанай облысының Жітіқара ауданының әкімі (2013-2016); ҚР Қорғаныс министрлігінің қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту Бас басқармасының, Мемлекеттік сатып алу бас басқармасының жоспарлау-экономикалық бөлімінің басшысы (2016-2019); «Агро-кредиттік корпорация» АҚ кредиттік серіктестіктерді дамыту департаментінің директоры (2019-2020), «Павлодар «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы (2020-2021) лауазымдарын атқарды.
Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап.
Алматы қаласында туған. Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдаған. Еңбек жолы: «Автоцентр Бутя» ЖШС менеджері (02.1997-08.1997); «Райымбек» ЖК менеджері (1997-1998); «Заңғар «РТД« АҚ экономисті (1998-1999); «Салық Консалтинг« ЖШС кеңесшісінің көмекшісі (1999-2000); «BestConsultingCompany« ЖШС бас маманы (2001-2004); «Қазақстан Халық банкі« АҚ маркетинг департаментінің менеджері (2004-2005); «Астана қаласының теледидары« ЖШС Алматы филиалының директоры (2006-2008); «ТРК NS Радио - Ұлттық Желісі« ЖШС бас директорының орынбасары (02.2006-09.2006); «ТРК NS Радио - Ұлттық желісі« ЖШС бас директоры (2006-2017); «ҚазАқпарат»ХАА» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары (2017-2020). 2020 жылы «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.
Қарағанды облысы Шахтинск қаласында туған. Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «жол қозғалысы инженері» мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «құқық» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2006-2008 жылдары – Шахтинск қаласындағы «Казахстанская» шахтасының жерасты тау-кен жұмысшысы. 2008 жылы «Қаз АТО» Қазақстан Республикасы Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары Одағы өкілдігінің менеджері болды. 2008-2011 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті Автомобиль көлігі басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы. 2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Еуразиялық интеграция басқармасының бас сарапшысы, басшысы. 2014-2016 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары. 2016-2018 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Экономикалық интеграция департаментін директорының міндетін атқарушы, директор. 2018 жылы «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ Салалық талдау орталығы директорының орынбасары болды.
Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қаңтар айынан бастап.
«Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен, «Құрметті автокөлікші» төсбелгісімен марапатталған.