Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.
Ақмола, Павлодар, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қарағанды облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде ке й жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде аптап ыстық болады. Республиканың оңтүстігінде, батысында, солтүстік-батысының кей жерлерінде, оңтүстік-шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.