ЕСІМДЕР
71 жыл бұрын (1955) Халықаралық ПЕН-клубтың қазақстандық бөлімшесінің президенті Бигелді Қайырдосұлы ҒАБДУЛЛИН дүниеге келді.
Ақмола облысы, Макинка ауданы, Қыстау Қарағай ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1981), Мәскеудегі Горький атындағы Әдебиет институтын аяқтаған (1991).
1980–1983 жылдары «Ленинская смена» (қазіргі «ЭкспрессК») газетінде тілші, әдеби бірлестік жетекшісі, Қазақстан ЛКЖО ОК жанындағы республикалық жастар шығармашылығы бірлестігі төрағасының орынбасары, 1983–1985 жылдары «Казахстанская правда» газетінде тілші, 1985–1989 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, көркем әдебиетті насихаттау бюросы директорының орынбасары, 1997 жылдан шыға бастаған «ХХІ век» газетінің бас редакторы болды.
Алғашқы «Таңдау» атты әңгімесі 1981 жылы «Студенческий меридиан» журналында жарияланды. Шығармаларын орыс тілінде жазады. «Өмірді түсінуге құштарлық» (1983), «Жанымыздан тазалық арылмасын» (1983), «Ғасырларға санамыз саяхаттап» (1985), «Тәубеге келу» (1986), «Тарих пен тарихилық» (1990), т. б. еңбектері жарық көрді. Ғ.Мүсіреповтің, Ә.Әбішевтің, Т.Кәкішевтің, С. Бердіқұловтың бірқатар мақалалары мен әңгімелерін, сондайақ Х.Рақымовтың «Сеңгір сырлары» трилогиясының екі кітабын (1987, 1989), Т.Жұртбаевтың «Алып тұлға» деректі повесін (1991), Қ.Жұмаділовтың «Атамекен» романын (1992) орыс тіліне аударды. «Режим и сопротивление» (2001), «Серьезный разговор» (2008) кітаптарының авторы. 2001–2004 жж. АҚШтағы «Вашингтон пост», «Вашингтон таймс» басылымдарында мақалалары жарияланған.
«Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталып, Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алған.
63 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Валерий Владимирович НОЗДРИН дүниеге келді.
Алматыда туған. 1986 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1980-1981 жылдары В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының лаборанты, 1986-1987 жылдары Алматы қаласы Мәскеу аудандық прокуратурасының бос тұрған тергеуші қызметінің тағылымгері, тергеушісі, 1989-1990 жылдары Алматы қаласы Мәскеу аудандық прокуратурасында аға тергеуші, прокурордың аға көмекшісі, көмекші, 1990-1991 жылдары Алматы қалалық прокуратурасы тергеу бөлімінің прокуроры, 1991-1992 жылдары Қазақ ССР прокуратурасы сот үкімінің заңдылығын бақылау басқармасының прокуроры, 1992-1995 жылдары Алматы қаласы адвокаттар алқасының мүшесі, 1995-1997 жылдары Алматы қаласы Совет аудандық сотының судьясы, 1997-2000 жылдары Алматы қалалық сотының судьясы лауазымын атқарды.
2000 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.
48 жыл бұрын (1978) ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары-әдеп жөніндегі уәкіл Бауыржан Төлегенұлы ҚАСЫМОВ дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. 2001 жылы «Болашақ» Қарағанды өзекті білім беру институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қарағанды мен Қарағанды облысының әкімдігінде әртүрлі лауазымдардан бастады. 2010-2013 жылдары Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында жұмыс істеді. 2013-2019 жылдары Қарағанды облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаментінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың шілде айынан бері атқарып келеді.
43 жыл бұрын (1983) «Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі — тәуелсіз директоры Ерлан Сембекұлы АБСАТОВ дүниеге келген.
Қарағанды облысы Шахтинск қаласында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «жол қозғалысы инженері» мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «құқық» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2006-2008 жылдары Шахтинск қаласындағы «Казахстанская» шахтасының жерасты тау-кен жұмысшысы. 2008 жылы «Қаз АТО» Қазақстан Республикасы Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары Одағы өкілдігінің менеджері болды. 2008-2011 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті Автомобиль көлігі басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы. 2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Еуразиялық интеграция басқармасының бас сарапшысы, басшысы. 2014-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары. 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Экономикалық интеграция департаментін директорының міндетін атқарушы, директор. 2018 жылы «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ Салалық талдау орталығы директорының орынбасары болды. 2019-2024 жылдары «Kazlogistics» Қазақстан тасымалдаушылар одағының бас директоры лауазымын атқарған. «Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен, «Құрметті автокөлікші» төсбелгісімен марапатталған.