31 шілде. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 31 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

61 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Валерий Владимирович НОЗДРИН дүниеге келді.

Алматыда туған. 1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1980-1981 жылдары В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының лаборанты, 1986-1987 жылдары Алматы қаласы Мәскеу аудандық прокуратурасының бос тұрған тергеуші қызметінің тағылымгері, тергеушісі, 19891990 жылдары Алматы қаласы Мәскеу аудандық прокуратурасында аға тергеуші, прокурордың аға көмекшісі, көмекші, 1990-1991 жылдары Алматы қалалық прокуратурасы тергеу бөлімінің прокуроры, 1991-1992 жылдары Қазақ ССР прокуратурасы сот үкімінің заңдылығын бақылау басқармасының прокуроры, 1992-1995 жылдары Алматы қаласы адвокаттар алқасының мүшесі, 1995-1997 жылдары Алматы қаласы Совет аудандық сотының судьясы, 1997-2000 жылдары Алматы қалалық сотының судьясы.

2000 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

41 жыл бұрын (1983) «Kazlogistics» Қазақстан тасымалдаушылар одағының бас директоры Ерлан Сембекұлы АБСАТОВ дүниеге келген.

Фото: kazlogistics.kz

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында туған. Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «жол қозғалысы инженері» мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «құқық» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2006-2008 жылдары Шахтинск қаласындағы «Казахстанская» шахтасының жерасты тау-кен жұмысшысы. 2008 жылы «Қаз АТО» Қазақстан Республикасы Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары Одағы өкілдігінің менеджері болды. 2008-2011 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті Автомобиль көлігі басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы. 2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Еуразиялық интеграция басқармасының бас сарапшысы, басшысы. 2014-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары. 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Экономикалық интеграция департаментін директорының міндетін атқарушы, директор. 2018 жылы «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ Салалық талдау орталығы директорының орынбасары болды.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен, «Құрметті автокөлікші» төсбелгісімен марапатталған.