ЕСІМДЕР
59 жыл бұрын (1966) Нархоз университетінің құқық және мемлекеттік басқару мектебінің директоры Талғат Есенәліұлы СӘРСЕНБАЕВ дүниеге келді.
Степногорск қаласында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген, заңгер (1987); Назарбаев Университетінің Жоғары Бизнес мектебінің Executive MBA бағдарламасы бойынша Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес мектебімен бірлескен бағдарлама, басшыларға арналған іскерлік әкімшілендіру магистрі (2015). Заң ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбек жолы: Металлургия аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі, Теміртау қалалық ІІБ тергеу бөлімінің бастығы (1987-1990); Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының оқытушы, аға оқытушы, қылмыстық іс жүргізу кафедрасы бастығының орынбасары, No8 арнайы бөлім бастығы, қылмысты тергеуді ұйымдастыру бөлімінің бастығы (1990-2002); Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігінің бас сарапшысы (2002-2003); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі (2003-2007); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты меңгерушісінің орынбасары (2007-2009); Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі (2009-2010); Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі (2010-2011); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының меңгерушісі (2011-2012); «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі (2012-2016); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілі (2016-2019); Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы (2019-2022); Каспий университетінің Қоғамдық құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры (2023).
2023 жылдың шілде айынан бері қазіргі қызметінде.
54 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі Аманжол Дүйсенбайұлы ӘЛТАЙ дүниеге келді.
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін «филолог» мамандығы бойынша бітірген (1993). Филология ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбек жолы: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы (1993-2000); Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы (2000-2005); ЕҰУ қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының доценті (2005-2014); Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры (2014); VII сайланған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің «Аманат» партиясынан депутаты (2022-2023).
2023 жылдың наурыз айынан бері қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен марапатталған (2019); Ыбырай Алтынсарин (2015), халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы (2016), Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл (2001), Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл (2016), Астананың 20 жылдығы (2018) медальдарымен марапатталған.
51 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің бастығы Марат Мақсұтұлы АЙМАШЕВ дүниеге келді.
Славянск-на-Кубань қаласында (Ресей Федерациясы) туған. Алматы жоғары құрама қару-жарақ командалық училищесін «Бронды және автокөлік техникасын пайдалану инженері» мамандығы бойынша бітірген (1995); Ұлттық қорғаныс университеті, «Жедел-тактикалық басқару» магистратурасын бітірген (2008).
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Стратегиялық жоспарлау департаменті басқарма бастығының орынбасары; Бас штаб бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы дирекциясының Бас штабы Жедел басқармасының бастығы; Өңірлік қолбасшылық қолбасшысының бірінші орынбасары – «Астана» өңірлік қолбасшылығы Бас қолбасшы дирекциясының штаб бастығы (2016); Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Стратегиялық жоспарлау басқармасының бастығы (2021-2022); Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Жедел жоспарлау басқармасының бастығы (2022-2024).
2024 жылғы қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде. Генерал-майор (2019).
«Айбын» (2018), II дәрежелі «Даңқ» (2023) ордендерімен марапатталған.
94 жыл бұрын (1931-2018) Қазақстанның халық әртісі Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы ШӘРІПОВА дүниеге келген.
Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында туған. Алматы театр училищесін бітірген. «Қазақфильм» киностудиясы мен Қазақ радиосында жұмыс істеді. 1953 жылы Алматыдағы Қазақ драма театрының труппасына қабылданды. «Менің әкем кім» спектаклінде Лағылдың, Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» - Ақтоқтының, Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпанында» - Қарагөздің және «Қарагөзде» - Қарагөздің, Сәбит Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында» - Айжанның, Уильям Шекспирдің «Отелласында» - Дездемонаның және басқаларының рөлдерін сомдады. Фильмдерді қазақ тіліне дубляж жасауға қатысты, радиода көркемсөз оқу шебері болды. «Өжет қыз» фильмінде - Нұржамал, «Біз осында тұрамыз» фильмінде - Дина, «Өмір жолында» - Хадиша, «Абай» телефильмінде - Қарлығаш рөлдерін экранға шығарды. Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
«Құрмет белгісі» және «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған.