31 тамыз. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 31 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

144 жыл бұрын (1874-1930) қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш зиялысы, қазақтан шыққан тұңғыш мал дәрігерлерінің бірі ЕСЕНҒҰЛОВ Түбек дүниеге келді.

Үлкен Алматы болысының Верный уезінде туған. Верный ер балалар гимназиясын, Қазан мал дәрігерлік институтын бітірген. 1902-1922 жылдары Жетісу облысының Жаркент уезінде мал дәрігері болып қызмет атқарды. 1913 жылы Әулие Станислав орденімен марапатталды. Ақпан төңкерісінен кейін Алаш қозғалысына араласты. 1922-1927 жылдары  Алматы мал дәрігерлік басқармасының бастығы болды. 1927-1929 жылдары Түрксіб құрылысында жұмыс істеді.



87 жыл бұрын (1931) Қазақстанның халық әртісі ШӘРІПОВА Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы дүниеге келді.

Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында туған. Алматы театр училищесін бітірген. «Қазақфильм» киностудиясы мен Қазақ радиосында жұмыс істеді. 1953 жылы Алматыдағы Қазақ драма театрының труппасына қабылданды. «Менің әкем кім» спектаклінде Лағылдың, Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» - Ақтоқтының, Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпанында» - Қарагөздің және «Қарагөзде» - Қарагөздің, Сәбит Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында» - Айжанның, Уильям Шекспирдің «Отелласында» - Дездемонаның және басқаларының рөлдерін сомдады. Фильмдерді қазақ тіліне дубляж жасауға қатысты, радиода көркемсөз оқу шебері болды. «Өжет қыз» фильмінде - Нұржамал, «Біз осында тұрамыз» фильмінде - Дина, «Өмір жолында» - Хадиша, «Абай» телефильмінде - Қарлығаш рөлдерін экранға шығарды. Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.   

«Құрмет белгісі» және «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған.


62 жыл бұрын
 (1956) Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейінің басшысы, журналист, философия ғылымдарының докторы, профессор ШАЛАБАЕВА Гүлмира Кенжеболатқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1978), журналист; Қазақстанның ҒА Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірген (1986). Философия ғылымдарының докторы (1997). ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының мүшесі-корреспонденті (1999). «Ұлыс. Мәдениет. Сана сезім» (1995), «Мәдениетті ұғыну: Қазақстанның дүниетанымдық парадигмалары және тарихи реалилері» (2001), «Қазақстан: мәдени саясаттың эволюциясы» (2002), «Евгений Сидоркин. Көркемдік тәсілдің онтологиясы» (2005), «Мәдөниет: аласапыран мен тәртіп арасында» (2006), «Қазақстан: ежелгі өркениеттен қазіргі заманға дейін» (2007), «Еуразиялық бейнелеу өнері призмасы арқылы» (2010), «Өнер энциклопедиясы» (2010) кітаптарының авторы. «Гүлфайрус Исмаилова. Кескіндеме және театр-декорациялық өнері» (2000), «Қазақстанның ғасырлар тоғысындағы бейнелеу өнері» (2000), «Шынайылықтың қырлары» (2004), «Қазақ өрнегінің ғарышы» (2008) көркем альбомдарының баспагері. 1978 жылдан - ҚазКСР Мемкино бас редакторы. 1983 жылдан - Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтының аспиранты. 1986 жылдан - педагогикалық ғылымдар ҒЗИ аға ғылыми қызметкері. 1991 жылдан - ҚР жастар ісі бойынша Мемлекеттік комитетінің жетекші маманы. 1993 жылдан - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы. 1997 жылдан - Қазақстан ҒА Философия институтының бас ғылыми қызметкері. 1998 жылдан бері - «ОЮ» көркем галереясының директоры. 2009 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бейнелеу өнері теориясы және тарихы кафедрасының профессоры. 2014 жылдың қарашасынан бері қазіргі қызметінде.

Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (2001). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

57 жыл бұрын«Халық қаһарманы», «Бек Эйр» АҚ-ның«Fokker-100» Әуе кемесінің командирі РОДИН Дмитрий Олегович дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. Санкт-Петербургтегі Азаматтық авиация академиясын аяқтаған.

Ұшқыш, әуе кеңістігінде 10 000 сағаттан астам ұшқан. Оның 6000 сағатында әуе кемесінің командирі ретінде ұшқан. Батыстан шыққан әуе кемесінің 7 түрін меңгерген. Еңбек жолын 1981 жылы Саратов облысындағы жазғы училищесін аяқтағаннан кейін авиацияда «Ан-2», «Ан-24», «Ан-26» кішігірім ұшақтарында ұшудан бастаған. Қазақстанның Азаматтық авиация басқармасында басқарушы лауазымдарды атқарған. Жалпы еңбек өтілі - 35 жыл. 2014 жылғы сәуір айынан бері қазіргі қызметінде. 

2016 жылдың 27 наурызында Астана әуежайында қонуға келген кезде алдыңғы шассиі ашылмай қалған "Fokker-100" әуе кемесін апатты жағдайда қондырды.  Бортта 116 жолаушы мен эпипаждың 5 мүшесі болған, ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

«Халық қаһарманы» атағымен марапатталған; «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері.

 

56 жыл бұрын (1962) ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы НЫҒМАТУЛИН Нұрлан Зайроллаұлы дүниеге келді.

Қарағандыда туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Саяси ғылымдар докторы.

Институт бітіргеннен кейін «Қарағандыоблгаз» өндірістік бірлестігі автоколоннасының инженері, бастығы болып жұмыс істеген. 

1985-1990 жылдары Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы болды. 

1990-1993 жылдары - Қазақстан жастар ұйымдары комитетінің төрағасы. 

1993-1995 жылдары - «Тенгри» қазақ-американ бірлескен кәсіпорынының президенті. 

1995-1999 жылдар аралығында - Президент Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 

1999-2002 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары. 

2002-2004 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация вице-министрі. 

2004-2006 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 

2006-2009 жылдар аралығында - Қарағанды облысының әкімі. 

2009-2012 жылдар аралығында - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

2012-2014 жылдар аралығында бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі парламенттік фракциясының жетекшісі. 

2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

2016 жылдың маусым айынан бері - қазіргі қызметінде.  

«Құрмет» (2004), II дәрежелі «Барыс» (2009) ордендерімен,  «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» (2006) мерекелік медальдарымен және өзге медальдармен марапатталған.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Үйленген, үш баласы және екі немересі бар.

56 жыл бұрын (1962) экономист, заңгер НЫҒМАТУЛИН Ерлан Зайроллаұлы дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Қарағанды кооперативтік институтын экономист, Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.  ҚР Парламенті Мәжілісінің II - III - IV шақырылымының депутаты болды. ҚР Парламенті Мәжілісінің III - IV шақырылымында Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы болып сайланған. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі, Америка Құрама Штатттары Конгресімен, Әзербайжан Республикасы Милли Меджилисімен (Ұлттық Жиналысы) ынтымақтастық тобының мүшесі. 

«Құрмет» (2006), ТМД ПАА «Содружество» (2008) ордендерімен, бес медальмен, соның ішінде «Шапағат» (2001) медалімен марапатталған. 

Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасының Өкіміне сәйкес парламентаризмнің дамуына және парламентаралық байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

52 жыл бұрын (1966) Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары СӘРСЕНБАЕВ Талғат Есенәліұлы дүниеге келді.

КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1987), сондай-ақ, Назарбаев Университетінің (Nazarbayev University) Жоғары бизнес мектебін тәмәмдаған. Басшылар үшін іскерлік әкімшілендіру магистрі (2015) Заң ғылымдарының докторы, профессор.

Әр жылдары құқық қорғау органдарында, жоғары білім беру жүйесінде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде, ҚР Парламенті Сенатында, ҚР Бас прокуратурасында, Қазақстан Республикасының РФ Елшілігінде, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ басшылық лауазымдарында қызмет атқарған.

30 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.

ҚР Құрмет грамотасымен, «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының мерейтойлық және ведомстволық медальдарымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған, «Фемида» Халықаралық заң сыйлығының лауреаты, Ресей Федерациясы криминалистер және криминологтар Одағының «Құрметті профессоры».

40 жыл бұрын (1978) ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі  БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары РАХИМОВ Бекзат Рахимұлы дүниеге келді.

2000 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін, 2007 жылы Мәскеу мемлекеттік экономика университетін (статистика және информатика), 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

2000-2003 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.

2003 жылы «Шығыс жобасы» ҚҚ жастар бағдарламаларының атқарушы директоры.

2003-2008 жылдары - Астана қаласының әкімдігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары.

2010-2011 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, баспасөз хатшысы.

2014 жылы - Байланыс және ақпарат агенттігі Ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу жөніндегі департамент директорының орынбасары.

2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті БАҚ-ты бақылау басқармасының басшысы.

2016 жылдың шілдесінен қазіргі қызметінде.  


207 жыл 
бұрын (1811-1872) француз жазушысы және сыншысы ГОТЬЕ Теофиль дүниеге келді.













196 жыл
 бұрын (1821-1894) неміс ғалымы, физиология, физика профессоры, көптеген академиялар мен ғылыми қоғамдардың мүшесі ГЕЛЬМГОЛЬЦ Герман Людвиг Фердинанд дүниеге келді.












61 жыл 
бұрын (1956) белгілі жапон сайқымазақшысы, телеқойылымшы, тенор-әнші МАСАСИ Тасиро дүниеге келді.