31 тамыз. Тұлғалар туған күн
ЕСІМДЕР
Алматы қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1978), журналист; Қазақстанның ҒА Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірген (1986). Философия ғылымдарының докторы (1997). ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының мүшесі-корреспонденті (1999). «Ұлыс. Мәдениет. Сана сезім» (1995), «Мәдениетті ұғыну: Қазақстанның дүниетанымдық парадигмалары және тарихи реалилері» (2001), «Қазақстан: мәдени саясаттың эволюциясы» (2002), «Евгений Сидоркин. Көркемдік тәсілдің онтологиясы» (2005), «Мәдөниет: аласапыран мен тәртіп арасында» (2006), «Қазақстан: ежелгі өркениеттен қазіргі заманға дейін» (2007), «Еуразиялық бейнелеу өнері призмасы арқылы» (2010), «Өнер энциклопедиясы» (2010) кітаптарының авторы. «Гүлфайрус Исмаилова. Кескіндеме және театр-декорациялық өнері» (2000), «Қазақстанның ғасырлар тоғысындағы бейнелеу өнері» (2000), «Шынайылықтың қырлары» (2004), «Қазақ өрнегінің ғарышы» (2008) көркем альбомдарының баспагері. 1978 жылдан - ҚазКСР Мемкино бас редакторы. 1983 жылдан - Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтының аспиранты. 1986 жылдан - педагогикалық ғылымдар ҒЗИ аға ғылыми қызметкері. 1991 жылдан - ҚР жастар ісі бойынша Мемлекеттік комитетінің жетекші маманы. 1993 жылдан - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы. 1997 жылдан - Қазақстан ҒА Философия институтының бас ғылыми қызметкері. 1998 жылдан бері - «ОЮ» көркем галереясының директоры. 2009 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бейнелеу өнері теориясы және тарихы кафедрасының профессоры. 2014 жылдың қарашасынан бері Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейінің басшысы болды.
Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (2001). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
Алматы қаласында туған. Санкт-Петербургтегі Азаматтық авиация академиясын аяқтаған.
Ұшқыш, әуе кеңістігінде 10 000 сағаттан астам ұшқан. Оның 6000 сағаттан астамында әуе кемесінің командирі ретінде ұшқан. Батыстан шыққан әуе кемесінің 7 түрін меңгерген. Еңбек жолын 1981 жылы Саратов облысындағы жазғы училищесін аяқтағаннан кейін авиацияда «Ан-2», «Ан-24», «Ан-26» кішігірім ұшақтарында ұшудан бастаған. Қазақстанның Азаматтық авиация басқармасында басқарушы лауазымдарды атқарған. 2014 жылғы сәуір айынан «Бек Эйр» АҚ-ның«Fokker-100» Әуе кемесінің командирі.
2016 жылдың 27 наурызында Астана әуежайында қонуға келген кезде алдыңғы шассиі ашылмай қалған «Fokker-100» әуе кемесін апатты жағдайда қондырды. Бортта 116 жолаушы мен эпипаждың 5 мүшесі болған, ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
«Халық қаһарманы» атағымен марапатталған; «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері.
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылында туған. 1993 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.
Еңбек жолы: 1993-2000 жылдар аралығында - Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы; 2000-2022 жылдар аралығында - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры; 2022 жылғы наурыздан бастап VІI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.
Филология ғылымдарының докторы (2010), профессор, Қазақстан Республикасы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (1998), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005), ЖОО-ның үздік оқытушысы (2012), Қарағанды қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (2014), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалінің (2001), «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалінің (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің (2016), «ТURKSOY» Халықаралық ұйымы медалінің (2016) иегері, Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың (2018), «Құрмет» орденінің (2019) иегері.
Атырау облысында туған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік академия, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1999 жылы ҚР Қауіпсіздігі Кеңесі орталығында сарапшы болып бастады. 2003-2009 жылдар аралығында Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінде бас инспектор, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарында болды. ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Әкімшілік-кадр жұмысы департаментінің директоры, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. ҚР Инвестициялар және даму министрі кадр жұмысы және туризм индустриясы департаментін басқарды. «Казконтент» АҚ төрағасының орынбасары қызметінде болды. 2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің туризм жөніндегі кеңесшісі болды. 2018-2020 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Қазіргі қызметінде 2020 жылдың ақпанынан.
2000 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін, 2007 жылы Мәскеу мемлекеттік экономика университетін (статистика және информатика), 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолы: 2000-2003 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкері; 2003 жылы «Шығыс жобасы» ҚҚ жастар бағдарламаларының атқарушы директоры; 2003-2008 жылдары – Астана қаласының (қазіргі Нұр-Сұлтан) әкімдігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2008-2010 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары. 2010-2011 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, баспасөз хатшысы. 2014 жылы – Байланыс және ақпарат агенттігі Ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу жөніндегі департамент директорының орынбасары. 2014-2016 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті БАҚ-ты бақылау басқармасының басшысы. 2016-2018 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары, 2018-2019 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры болған. 2019-2020 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпаратқа қолжетімділік саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры қызметін атқарды.
Қазіргі қызметін 2020 жылдың мамырынан атқарып келеді.
Сондай-ақ бүгін...
Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында туған. Алматы театр училищесін бітірген. «Қазақфильм» киностудиясы мен Қазақ радиосында жұмыс істеді. 1953 жылы Алматыдағы Қазақ драма театрының труппасына қабылданды. «Менің әкем кім» спектаклінде Лағылдың, Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» - Ақтоқтының, Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпанында» - Қарагөздің және «Қарагөзде» - Қарагөздің, Сәбит Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында» - Айжанның, Уильям Шекспирдің «Отелласында» - Дездемонаның және басқаларының рөлдерін сомдады. Фильмдерді қазақ тіліне дубляж жасауға қатысты, радиода көркемсөз оқу шебері болды. «Өжет қыз» фильмінде - Нұржамал, «Біз осында тұрамыз» фильмінде - Дина, «Өмір жолында» - Хадиша, «Абай» телефильмінде - Қарлығаш рөлдерін экранға шығарды. Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. «Құрмет белгісі» және «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған.