Кәсіпорын таратқан мәліметтер бойынша, 2019 жылдың 31 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан мен Балқаш қаласында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады.
Қазақстанның аталғандардан өзге қалаларындағы ауа сапасы қалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.