Бұл туралы «КаР-Тел» ЖШС Қазақстандағы Beeline компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметте айтылған.
«Beeline желісі Жаңа жыл түні түскен күшті лайықты көтерді», - деп мәлімдеді «КаР-Тел» ЖШС техникалық директоры Тұңғышбек Батталханов. Оның айтуынша, жаңа жылдық мерекедегі абоненттердің мобильді телефонмен сөйлесу ұзақтығы былтырғы жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда айтарлықтай өскен.
«Кар-Тел» ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі қызметінің менеджері Анар Жұмағұлованың айтуынша, компания техникалық дирекциясының Жаңа жылдан бұрын алдын-ала жүргізген дайындық жұмысының арқасында ешқандай тосқауылдар тіркелмеген.