Алматы ауданында «Жерұйық» саябағында және «Железнодорожный» тұрғын алабында, «Нұра»ауданында «Жағалау»скверінде және «Үркер» тұрғын алабында, «Сарайшық» ауданында, «Отау» және «Промышленный» тұрғын алаптарында сағат 12.00-ден бастап мерекелік концерттік бағдарламалар өтеді.
«Байқоңыр» ауданында «Ататүрік» саябағында және «Өндіріс» тұрғын алабында, «Есіл» ауданында «Бағыстан» тұрғын алабында және «Сарыарқа» ауданында «Қорғалжын» саябағында күндізгі жаңа жылдық бағдарлама сағат 14.00-ден бастап өтеді.
Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді.
31 желтоқсан күні сағат 21:00–ден бастап «Қазақ елі» монументінің жанындағы алаңда, «EXPO» аумағында, сондай-ақ қалалық алаңда (әкімдік алдында) шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.
Іс-шараларға отандық эстрада жұлдыздары Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Қазыбек Құрайыш, Серік Ибрагимов, Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота Керімбекова, «Меломен», «Бәйтерек» топтары және басқа да әртістер қатысады.
— Елорда тұрғындары мен қонақтарын ресми дереккөздерде орналастырылған ақпаратқа сенуге және өзге де көздерден таратылатын дұрыс емес мәліметтерге назар аудармауға шақырады, — делінген хабарламада.
Осыдан бұрын Алматыда Жаңа жыл мерекесінде қандай шаралар өтетінін жазған едік.