— Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, — делінген хабарламада.
Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Донсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынып, сот шешімі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетелік БҚО-да 1,5 млн теңге пара алғаны үшін сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы сотталған еді.