Бұл ұйым тарихындағы ең ірі осындай қадам болмақ.
Қорды босату кестесі әзірге белгіленген жоқ. Агенттік мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы бірнеше долларға төмендеп, бір баррелі шамамен 84 долларға түсті.
Халықаралық энергетика агенттігінің құрамына 32 мемлекет кіреді. Олардың қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Канада, Аустралия, Италия және Мексика бар.
Агенттік мәліметінше, ұйымға мүше елдердің стратегиялық мұнай қорының жалпы көлемі 1,2 млрд баррельден асады.
Айта кетелік Қазақстанда мұнай және газ конденсатын өндіру 96-98 млн тоннаға дейін төмендеуі мүмкін.