Тергеу жұмыстарын қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізді.
Іс материалдарына сәйкес Алматы зообағының есепшісі билеттерді сату барысында компьютерден 32 млн теңгені жойып жіберген.
Күдікті әйел 16 тамызда ұсталды.
«Іс сотқа жіберілді. Осы қылмыстық іске қатысы бар болуы ықтимал басқа да тұлғалар тексеріліп жатыр», - деді Медеу аудандық прокуратурасынан.
Айта кету керек, бұл қылмыстық істің ауырлығына байланысты іске процессуалды прокурор бекітілді.
Лауазымды тұлға тергеу жұмыстарынан бастап сот үкіміне дейін процесті қадағалап отырады.