Мәлім етілгендей, 15 өңірде тұрғын үй құрылысының оң динамикасы байқалады. Алдыңғы орында - Түркістан (131,2%), Қарағанды (124,9%), Шығыс Қазақстан (114,3%), Батыс Қазақстан (111,9%), Жамбыл (108,7%), Солтүстік Қазақстан (108%) және Қостанай (107,9%) облыстары тұр.
Республикада қаңтар-мамыр айларында 4 075 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Барлығы 33 479 баспана тапсырылды, оның ішінде 14 209 - жеке үй.
«Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің өсімі 9 өңірде байқалады. Олар - Солтүстік Қазақстан (114,7%), Павлодар (113,3%), Қостанай (112,2%), Жамбыл (109%), Қарағанды (107,2%), Шығыс Қазақстан (105,2%), Ақтөбе (103,2%) облыстары, Нұр-Сұлтан (106,7%) және Алматы (114,2%) қалалары», - деді министрліктен.