КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қатты аяздан Ақмола облысында 1-11 сынып оқушыларына мектепте сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
112 құтқару қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, 14 қаңтар, бейсенбі күні Ақмола облысында -33 градусқа дейін қатты аяз болады.
«Осыған байланысты 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды» делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ақмола облыстық білім басқармасы мұндай жағдайда балалардың қашықтан оқу форматымен білім алатынын хабарлады.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.