Өйткені, ұшақтағы жолаушының бірі, Франция елінің азаматшасы жолда өзін жайсыз сезінгенін хабарлаған. Экипаж шұғыл түрде қонуға шешім қабылдағанымен әйел қайтыс болды.
«Токиодан Парижге ұшу кезінде 33 жастағы Франция азаматшасы өзін нашар сезінді. Экипаждың ұшақты «Шереметьевоға» қондыруына тура келді. Алайда жас әйелдің өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады», делінген құтқарушылар хабарламасында.
Дәрігерлер ұшақтың бортына көтерілгенде бәрі де кеш болған. Франция азаматшасы ата-анасымен бірге ұшып келе жатқан. Оқиғаға байланысты олар сапарын жалғастырудан бас тартты.