«Қазір жекешелендіру, мемлекеттік активтерді олигополиялардың пайдасына иеліктен шығару туралы 8 мыңға жуық Үкімет актілерін және сот шешімдерін прокуратура органдары зерделеп жатыр. Олардың кейбіреулері бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданды және нәтижелері бар. Мысалы, Үкіметтің қаулысы мен соттардың шешімдері бойынша жеке фирма 629 теміржолды ақысыз алған. Бұл тасымалдаушылар үшін тарифтің 10 есе өсуіне әкелді. Шешімдерге наразылық келтірілді, 332 кірме және магистральдық теміржол (қалғандары бойынша ревизия жалғасуда) мемлекетке қайтарылды», - делінген Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия таратқан ақпаратта.
10:11, 18 Шілде 2022
332 кірме және магистральдық теміржол мемлекетке қайтарылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 332 кірме және магистральдық теміржол мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.