Қалалық төтенше жағдайлар департаменті елордадан шығатын жолдар кей көлік түрлеріне жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform:
Бүгін, 7 желтоқсан күні Астанада аяз күшейді.
Түнгі уақытта ауа температурасы -31, -35 градусқа дейін суытады.
«Осыған байланысты кешкі сағат 18:00-ден бастап қоғамдық және жүк көліктерінің Астана қаласынан шығатын республикалық маңызы бар барлық жолда жүруіне тыйым салынады» деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.