35 градус ыстық: Қазгидромет 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» 4 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Қызылорда өңірлік коммуникация қызметі

Астанада жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болады.

Алматыда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа жетеді.

Шымкентте қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде шығыс, оңтүстік және орталықта 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді, күндіз солтүстікте 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында күндіз аптап ыстық 35 градусқа дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының шығысы мен солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз де жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Желдің екпіні кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Түнде солтүстікте тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерде 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде жоғары, солтүстік-батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Таулы жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Таулы жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Түнде және таңертең таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері маңында 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Солтүстікте жоғары, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде және шығысында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Орталықта төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні кей жерде 25 м/с-қа дейін жетеді.

Ұлытау облысының шығысында күндіз жаңбыр мен найзағай, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және тау бөктерінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Таулы аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың барлық аумағында жоғары, ал батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Айта кетейік, «Қазгидромет» тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.