35 градустық ыстықтан кейін жауған нөсерден Астана жолдарын су алып кетті
12:44, 28 Маусым 2012
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Астанада көптен күткен жаңбыр жауып, онымен күресуге астананың кәріздік құрылғыларының да шамасы келмей қалды.
Сәрсенбі, 27 маусым күні сағат 19:40-та Астананың оң жағалауынан сол жағалауға өткен қатты нөсер басталды. Көптен күткен жаңбыр суы соңғы апталарда болған 35 градустық ыстықтан кейін автожолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын басып қалды.
10-15 метр қашықтықта ештеңе көрінбеді, бұл астаналық жүргізушілердің жұмысын қатты қиындатты. Жұмыс күнінің аяғында астаналықтарға аялдамаларға жетудің өзі қиынға соқты. Су деңгейі тізеге дейін жетті, кәріз құдықтары санаулы минуттарда суға толды. Куәгерлер қалалық коммуналдық құрылғылардың судың осындай көлемімен күресуге шамасының келмейтініне көздері жетті.
Жалпы алғанда, қалалықтар қолайсыз ауа райын жақсы өткеріп, аспан жіберген көптен күткен ылғалға толы таза ауаға қуанды.