Бұл ақпаратты ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Атырау облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «ТрансТрейдСервис» ЖШС-нің директоры С.Ғабдулинге қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ол 2007 жылдың 1 шілдесінен 2009 жылдың 31 желтоқсан айлары аралығында салық органдарына тапсырылатын декларацияға кіріс және шығыс туралы көрінеу бұрмаланған мәліметтерді енгізіп, 35 млн. теңге мөлшерінде бюджетке салық төлеуден жалтарған», - делінген ведомство ақпаратында.
Атырау қалалық №2 сотының үкімімен С.Ғабдулин ҚР ҚК 222-бабының 2-бөлігі (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды.