ОРАЛ. ҚазАқпарат - 35 жастағы оралдық БҚО тұрғындарын 12 млн теңгеге отырғызып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, батысқазақстандық 12 тұрғын 1984 жылғы ер адамды алаяқтығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағым түсірген.
Аталған ер адам тұтқындаулы автокөліктерді арзан бағаға сатып алып беремін деп, жәбірленушілерді алдаған. Сөйтіп олардың 12 млн теңгесін жымқырып кеткен.
Қазіргі кезде Орал қаласы полиция басқармасының Абай полиция бөлімі осы оқиға бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес (алаяқтық) тергеу амалдарын жүргізуде.
Алданғандар саны бұдан көп болуы да ықтимал. Сондықтан ондай адамдар болса, (7112) 98-43-03, 98-45-16 немесе 102 телефонына хабарласып, арыздануына болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).