36 елордалық жанұя «Мерейлі отбасы» байқауына қатысуға ниет білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық ішкі саясат басқармасына бүгінгі таңда «Мерейлі отбасы» байқауына қатысуға 36 отбасынан өтніш келіп түскен. Құжат тапсырғандардың ішінде елге еңбегі сіңген білікті дәрігерлер, ұлағатты ұстаздар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мүмкіндігі шектеулі жандар т.б. азаматтар бар, деп хабарлайды astana.kz.

Сондай-ақ Астана қаласы әкімінің өкімімен елордада «Мерейлі отбасы» байқауын өткізуге арналған комиссияның құрамы бекітілді. Оған 15 адам кірді, оның ішінде қалалық құрылым басшылары, қалалық ардагерлер кеңесі, жастар және қоғамдық ұйым басшылары, партия жетекшілері бар. Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» жыл сайынғы байқауы Қазақстан Республикасы Президентінің өкіміне сәйкес өткізіледі. Байқау 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең - аудандық (қалалық), екінші кезең - облыстық, үшінші кезең - республикалық. Конкурсқа қатысу үшін тиісті құжаттар қоса тіркелген өтінімдер аудандық (қалалық) әкімдіктерге 2015 жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін беріледі. Өткен жылы елордалық байқауға 44 отбасы қатысқан. Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» байқауы өнегелілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасының оң үлгісін таратуға, оның мәртебесін арттыруға бағытталған. Байқауға еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасылардың мүшелері қатыса алады.