36 жастағы қазақстандық әйел Біріккен Араб Әмірліктерінде миллион ұтып алды - БАҚ

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - 36 жастағы қазақстандық Ботагөз Әлжанова Біріккен Араб Әмірліктерінде Дубайдың банкімен ұйымдастырылған ұтыс ойынында миллион дирхам ( бұл шамамен 272 мың доллар) ұтып алды.

Бұл туралы бүгінTrade Arabia-ға сілтеме жасай отырып  «Экспресс К» газетіндегі (автор Варвара Соловей) «Миллион в брачной корзине» атты мақалада  жазылды.

Ботагөз Әлжанованың Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып келе жатқанына 8 жыл болды, Шарджеде компаниялардың бірінде жұмыс істейді. Бір апта бұрын тұрмысқа шыққан әйелдің қуанышында шек жоқ. - Бұл менің өмірімдегі ерекше сәт, - деді ол. Әлжанова өзінің ақшалай ұтысын 2 бөлікке бөліп алуға шешім қабылдады, бір бөлігін бұрынан бері армандап жүрген Австралия мемлекетіне саяхаттауға, яғни бал айына жұмсаса, екінші бөлігін созылмалы аурулармен ауыратын қазақстандық балалардың емделуіне, қайырымдылыққа бағыттамақ.