1977 жылы Солтүстік Каролина штатында екі рет банк тонауға әрекет жасағаны үшін 30 жыл түрмеде отырған Уолтер Миллер жазалау орнынан қашып кеткен, деп хабарлады ТАСС. Содан бері ол Нью-йорктің Бруклин ауданында жалған есіммен өмір сүріп келген. 1985 жылы үйленген, төрт баласы бар.Ол бірнеше жерде жұмыс істеп, шіркеуге де барып тұрған.
Миллер өз үйінде тұтқындалды: таңертең ерте оны полицейлер алып кетті.
Таяу күндері сот оны жазасын өтеу үшін Сотүстік Каролинаға жіберу мәселесін қарайтын болады. Миллердің әйелі мен балалары қашқынның өткен өмірі жайлы мүлдем білмеген, олар биліктің кешірім жасайтынына үміттеніп отыр.
Сақшылардың Миллердің ізіне қалай түскені әзірге белгісіз.