38 адамда коронавирус пневмониясы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония туралы соңғы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.


«22 тамыздағы коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 38 жағдайы және 23 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 10 адам емделіп шықты.

2020 жылдың 13 наурызынан барлық ауырғандар саны – 67 870, 4 263 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 57 720 жетті», делінген хабарламада.