38 рет жол ережесін бұзған атыраулық жүргізуші 1,9 млн теңге айыппұлын төлемеген

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атыраулық жүргізушіге 38 мәрте жол ережесін бұзғаны үшін 1 млн 904 мың 620 теңгенің айыппұлы салынған. Алайда, ол айыппұлды осы кезге дейін төлемей жүрген. 

Атырау қалалық полиция басқармасының ақпаратына қарағанда, жедел басқару орталығының қызметкерлері «Interceptor» автоматтандырылған бақылау жүйесі арқылы Toyota Camry көлігінің жүру бағытын анықтаған. 

– «Interceptor» – арнайы бейнебақылау мен талдау құрылғылары арқылы айыппұлы бар немесе іздеуде жүрген көліктерді автоматты түрде анықтайтын интеллектуалды жүйе. Бүгін аталған жүйе арқылы айыппұлын төлемей жүрген жүрізуші анықталып, жақындағы патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарланды. Көлік Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс көшесін тоқтатылып, 32 жастағы жүргізушіге қатысты деректер тексерілді. Көлік жүргізушісінің 38 мәрте жол қауіпсіздігі ережесін бұзып, 1 млн 904 мың 620 теңге айыппұлын төлемегені анықталды. Қазір жүргізушіге қатысты тиісті іс-құжаттары рәсімделді. Енді қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолданылады, - деп хабарлады полиция басқармасынан.

Айыппұл төлемеген жүргізушінің арнайы айып тұрағына қойылған. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысының тұрғындары 505 млн теңгенің көлік салығын төлемей жүргенін хабарлаған едік.