«Том Леффлер, мен осы айқасқа шыққым келетінін білесің! Егер GGG 5 мамырда кездесу өткізгісі келетін болса, менімен шықсын! Оған не кедергі? Мен WBC рейтингінде тоғызыншымын, Маурисио Сулейман бұл жекпе-жекті мақұлдайды. Мен жаттықтым, мен дайынмын! Қол қояйық осыған! Еш шүбәсіз мен келесі қарсылас болуым керек. Осы айқасқа ең лайығы менмін», - деп жазды ол Туиттердегі парақшасында.
Головкиннің келесі жекпе-жегі 5 мамыр күні Лос-Анджелес маңындағы Карсонда, StubHub Center аренасында өтуі тиіс.