Өткен жылдың төртінші тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылды. Олардың 6,9 миллионы жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.
Бюро дерегінше, толық жұмыспен қамтылмағандар саны былтырғы үшінші тоқсанмен салыстырғанда 9,9%-ға өсіп, 268,9 мың адам болды.
Былтырғы қорытынды бойынша жұмыссыз қазақстандықтар саны - 456,1 мың адам. Ал осы аралықта қызмет етуге құлықсыздар 19,3% болып төмендеді. Яғни, елімізде жұмыс істеуге ниеті жоқтар саны - 39,5 мың адам.