«Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұлғайту туралы тапсырма берді. Осылайша, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап босанған әйелдерге 1,5 жылға жәрдемақы тағайындады. Ал 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жәрдемақы алып отырғандардың төлемі автоматты түрде тағы 6 айға ұзартылды. Жалпы, 1 қаңтардан бастап елорда бойынша 4,5 мыңнан астам адамның бала күтімі бойынша жәрдемақы мерзімі ұзартылды», - деп мәлім етті Дәмежан Садуақасова.
Қоса кетсек, бұған дейін Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы алатындардың зейнетақы жарналары субсидияланатынын хабарлап едік.