4-5 шілдеде ауа температурасы 43-47°С дейін көтеріледі: синоптиктер ескерту жасады

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК синоптиктері 4 және 5 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы 43-47°С деңгейге дейін көтеріледі.

Метеорологтар республиканың басым бөлігінде ауа райы циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер арқылы анықталатынын айтты.

Осыған орай 4-5 шілдеде еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен құрғақ болады. Сондай-ақ еліміздің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауылмен желдің күшейеді.

Еліміздің басым бөлігінде термометр көрсеткіштері күндіз 35°C қатты қызу белгісіне жетеді.

4-5 шілдеде республиканың орталығында және шығысында 40-42°С қатты ыстық болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 35-40°С ыстық болады. Кейбір аудандарда 43-47°С қатты ыстық болады.

Айта кетейік, Францияда аптап ыстықтан екі адам қаза тапты.