4-6 қазанға ауа райы болжамы: Еділден көшкен жаңбыр келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстаннан ауқымды циклон жылжып барады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» ХАА.

Республиканың батыс облыстарына атмосфералық ағындармен бірге Еділ өзені бойыннан салқын және ылғалды ауа массалары келеді деп күтілуде.

Қазақстан арқылы шығыс бағытқа көшкен салқын ауа ағындары салдарынан республиканың әуелі батыс, ал 6 қазаннан бастап - солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарында жаңбыр жауып, ауа температурасының төмендеуі ықтимал.

Шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарда жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы жоғары болады.