4,6 млн. астам теңгенің контрабандалық тауарын әкелу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды - БҚО
11:40, 20 Наурыз 2013
ОРАЛ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - БҚО бойынша кедендік бақылау департаменті контрабандамен күрес басқармасы қызметкерлері БҚО ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасындағы әріптестерімен бірлесіп «Ермек» автокемпингі аумағында Түркия азаматы Д. айдаған «DAF» маркалы автокөлікті ұстаған.
Облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, кедендік тексеру кезінде тауар жеткізу құжаттарында көрсетілмеген тауарлардың барлығы да белгілі болды. Оның жалпы құны 4 699 640 теңгені құрады.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 209-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл - жыл басынан бері батысқазақстандық кеденшілер қозғаған алтыншы қылмыстық іс.