«Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады: жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі.
6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз күн райы қалыптасатыны болжанады.
Сондай-ақ батыста күндізгі ауа температурасы біртіндеп 33 39°С дейін жоғарылайды, ал республиканың қалған бөлігінде температура: солтүстік-батыста және орталықта 25 35°С дейін, солтүстікте 25 30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста 20 30°С дейін, оңтүстікте 25 38°С дейін аздап төмендейді», - делінген синоптиктер мәліметінде.