4 ақпан. Тұлғалар туған күн

Фото: Kazinform/ Midjourney

Бүгін, 4 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

63 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департамінтінің басшысы Берік Сайлауұлы ҚҰЛТАСОВ дүниеге келді.

Фото: zhmb.sud.kz

Шымкент облысы Алғабас ауданының Бұғұн ауылында туған. «Құқықтану» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі.

Еңбек жолын Талдықорған қалалық прокуратурасында аға тергеуші болып бастады. 1985 жылы Кеңес әскері қатарында болды. 1987-1991 жылдары Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі, тергеу бөлімінің прокуроры, Қызылорда облыстық прокуратурасының аға тергеушісі қызметтерін атқарды. 1991-1992 жылдары ОҚО облыстық прокуратурасы ішкі істер департаментінде аға тергеуші, 1992-1994 жылдары Жамбыл облыстық прокуратурасының айрықша қауіпті қылмыстарды тергеу бөлімнің бастығы, 1994-1995 жылдары Жамбыл облысы, Жуалы ауданында прокурор, 1995-1996 жылдары Жуалы ауданы МТК бөлім бастығы, 1996-1997 жылдары Жамбыл облысы МТКД басқарма бастығы қызметін атқарған. 1997-1998 жылдары Жамбыл облысы ҰҚКД басқарма бастығының орынбасары, 1998-2000 жылдары Тараз гарнизонда әскери прокурор, 2000-2001 жылдары ОҚО әскери прокуроры қызметінде болды. 2001-2002 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары, 2002-2008 жылдары Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары, 2008-2009 жылдары Маңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасары болып қызмет етті. 2009-2012 жылдары ОҚО прокуроры, 2012-2013 жылдары Павлодар облысы прокурорының орынбасары, 2013 жылы Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, 2017 жылы Жамбыл облысы Соттар әкімшісінің басшысы болып қызмет атқарған.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен (2001 ж.) марапатталған. ҚР Прокуратурасының құрметті қызметкері.

61 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Молдабекқызы ҚАЛТАЕВА дүниеге келді.

Фото: А. Байжуманов / Пресс-служба Сената

Қызылорда қаласында туған. 1983 жылы Бүкілодақтық сырттай өнер институтын графика және станок кескіндемесі мамандығы бойынша, 1991 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын сызу және бейнелеу өнері пәні мұғалімі мамандығы бойынша, 1997 жылы ҚМЭБИ жанындағы «Арман» оқу орталығын бағалы қағаздар бойынша мәмілелер жөніндегі маман ретінде, 2009 жылы Каспий қоғамдық университетін заңгер болып тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1987-1991 жылдары Алматы қаласы Фрунзе аудандық мүгедектер қоғамының хатшысы, 1997-2000 жылдары Алматы қаласының «ДАЭКО» ЖАҚ бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жөніндегі маманы, 1998-2001 жылдары Алматы қаласындағы «Дәнекер» ЖАҚ бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жөніндегі маманы, Алматы қаласындағы «Қазақстан-Аудит» ЖАҚ бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жөніндегі маманы болып қызмет атқарған. 2001-2022 жылдары «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрағасы болды. 2006 жылдан бастап – «Алматы қаласы мүгедектер ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы. 2016-2021 жылдары Алматы қаласы мәслихатының депутаты, 2022-2024 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты болған.

47 жыл бұрын (1979) Қостанай облысының прокуроры Марат Исламханұлы СЕКСЕМБАЕВ дүниеге келген.

Фото: Kazinform

Арқалық қаласында туған. 2000 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдады.

Еңбек жолы: 2000-2002 жылдары Қарағанды қаласы Совет аудандық прокуратурасында жұмыс істеді. 2002-2003 жылдары ҚР бас прократурасында аға прокурор, 2003-2004 жылдары ҚР Бас прокуратурасында құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасы бастығының орынбасары, 2004-2009 жылдары ҚР Бас прократурасында бөлім бастығы, басқарма бастығы, 2009-2010 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, 2010-2011 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы қызметінде болды. ҚР ЭҚСЖКА Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаментінің бастығы болып қызмет атқарған. 2014-2015 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2015-2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасы бірінші департаментінің бастығы, 2017-2021 жылдары Қарағанды облысының прокуроры, 2021-2022 жылдары ҚР Бас прокурорының аппарат басшысы қызметінде болды. 2022-2025 жылдары ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметінде 2025 жылдың қыркүйегінен бері.

3-ші дәрежелі «Ісіне адалдық» медалімен марапатталған.

46 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Серікқалиұлы ШАРАБАСОВ дүниеге келді.

Фото: primeminister.kz

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында туған. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын және Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымда бастаған. 2004-2006 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат департаментінің әртүрлі бөлімдерінде бас маманның міндетін атқарушы, бас маман лауазымдарын атқарды. 2006-2010 жылдары ҚР Әділет министрлігі Дін істері комитетінің Талдау және ақпараттық-насихаттау жұмысы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы, 2010-2012 жылдары Дін істері комитеті, Діни бірлестіктермен жұмыс басқармасының 1-санаттағы сарапшысы, 2012 жылы ҚР Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыс басқармасының бас сарапшысы, 2012-2013 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде, кейінірек ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бас сарапшы, 2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік, мобилизациялық жұмыс және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, 2014-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңіраралық ынтымақтастық, талдау және өңірлерді бағалау департаменті директорының орынбасары, 2016-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік саясат, талдау және өңірлерді бағалау департаменті директорының орынбасары, кейін директоры, 2017-2019 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, 2019 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі, 2019-2023 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарған. 2023-2025 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметігіне 2025 жылдың желтоқсанында кірісті.

45 жыл бұрын (1981) Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Бейсенбекұлы ҚАЗИЕВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Қарағанды облысында туған. Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолы: 2003-2005 жылдары Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының маманы, 2005-2006 жылдары Алматы облысы Алматы облысы Ішкі істер Бас басқармасының Жамбыл аудандық бөлімі анықтау бөлімшесінің анықтаушысы, 2006-2008 жылдары Алматы облысы Жамбыл ауданы прокурорының көмекшісі, 2008-2009 жылдары Астана қ. «Алматы» ауданы прокурорының көмекшісі, 2009-2010 жылдары Астана қаласы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры болып қызмет атқарды. 2010-2012 жылдары ҚР Бас прокуратурасы департаментінің тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, аға прокуроры, 2012-2013 жылдары Ақмола облысы көлік прокурорының орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаменті қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры, 2014-2016 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, 2016-2019 жылдары Қостанай қаласының прокуроры, 2019-2021 жылдары Қостанай облысы прокурорының орынбасары, 2021-2022 жылдарыҚызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметінде болды.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.

117 жыл бұрын (1909-1998) ақын, драматург, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбділда ТӘЖІБАЕВ дүниеге келді.

Фото: adebiportal.kz

Қызылорда қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1932-1948 жылдары Қарсақбайдағы «Қызыл кенші», республикалық «Жас алаш» газеттерінде редактордың орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, төрағасы, Қазақстан ҒА Тіл және әдебиет институты Жамбыл бөлімінің меңгерушісі болды. 1948-1958 жылдары шығармашылықпен айналысты. 1959-1984 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, театр өнері бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ә.Тәжібаевтың «Жүректілер» пьесалар жинағы, «Халқым туралы аңыз», «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез» атты драмалық дастандары, «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен жігіт», «Монологтар» атты драмалық шығармалары жарық көрген. «Дубай Шубаевич», «Той боларда» атты комедиялары бар. Ол әдебиеттану саласында да өнімді еңбек етті. Оның «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты зерттеуінде қазақ драматургиясының күрделі мәселелері жан-жақты қарастырылған. Ақынның «Жылдар, ойлар», «Жаданның хаттары», «Хаттар сөйлегенде», «Өмір мен ерлік» деген сын, эссе, проза кітаптарында әдебиет пен өнерге қатысты жайлар жөнінде толымды пікірлер айтылады. 1954 жылы Ә.Тәжібаевтың сценарийі бойынша «Жамбыл» фильмі түсірілді.

«Қазан төңкерісі», 2 мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.