Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 24-29 м/с жетеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын және желдің 15-20 м/с күшеюі сақталады. Жамбыл облысында түнде желдің екпіні 23 м/с.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз жел жаяу бұрқасынмен 17-22 м/с күшейеді.
Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түсуі ықтимал, Қарағанды облысында жаяу бұрқасын болады.