11.00-де ҚР Ұлттық музейінде қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Ақмола облысының тарихи топонимдері» атты кітап-альбомының тұсаукесері өтеді.
12.00-де Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай БАҚ өкілдеріне арналған онлайн баспасөз мәслихаты өтеді.
ZOOM конференциясына қосылу сілтемесі: zoom.us
Конференция идентификаторы: 769 522 2427.
Кіру коды: 4868
16.00-де «100 күн - 100 сұрақ» жобасы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың медициналық нарық қатысушыларымен, «Атамекен» ҰКП және үкіметтік емес сектор өкілдерімен онлайн кездесуі өтеді.
Кездесу тақырыбы: «Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру. Kедергілер және оларды шешу жолдары».
16.00-де қалалық мәслихаттың Facebook-тегі аккаунтында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің 2022-2024 жылдарға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есебі тындалады.
18.00-де «Хабар», «Qazaqstan», «Qazsport» және «Elarna» телеарналары XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуын көрсетеді.