Демалыс орындарының 14-інде модульдік үлгідегі санитарлық-гигиеналық торабтар жұмыс істейді. Олар мына бағыттағы жолдарда:
1. «Нұр-Сұлтан – Щучинск» – 17 демалыс орны және 13 модульдік дәретхана
2. «Нұр-Сұлтан – Теміртау» – 8 демалыс орны
3. «Алматы – Қапшағай» – 4 демалыс орны
4. «Алматы – Қорғас» – 18 демалыс орны және 1 модульдік дәретхана.
Сондай-ақ, аталған ақылы учаскелердің бойында 50 жол бойындағы қызмет көрсету нысаны бар. Оның 34-інде санитарлық-гигеналық торабтар орналасқан. Атап айтсақ:
1. «Нұр-Сұлтан – Щучинск» – 28 нысан және 18 дәретхана;
2. «Нұр-Сұлтан – Теміртау» – 9 нысан және 7 дәретхана.
3. «Алматы – Қапшағай» – 4 нысан және 2 дәретхана
4. «Алматы – Қорғас» – 9 нысан және 8 дәретхана.
«Қазавтожол» ҰК» АҚ-ы Мемлекеттік бағдарлама аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық учаскелерінде жол бойындағы сервистік нысандар санын ұлғайту жұмыстарын одан әрі жалғастыратынын жеткізеді», - делінген компания мәліметінде.